22 сәуір - Дүниежүзілік Жер планетасы күні. Бүкіл планетаның адамдары бұл мерекені атап өтеді. Бұл күн бізге Жердің ортақ үйіміз екенін еске салатын күн, сондықтан жерімізді қорғап, жанашырлықпен қарауымыз керек.
"Нұр бала" балабақшасының әр тобында табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға және экологиялық сауатты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған экологиялық іс-шаралар өткізілді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты - балалардың нақты істерімен және іс-әрекеттерімен өз жерін қорғауға деген ұмтылысын дамыту, балаларды қоршаған әлемге мейірімділікпен,жанашырылықпен қарауға үйрету болды. Тәрбиешілермен бірге балалар табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін әзірледі, "Біздің сүйікті планетамыз" атты ұжымдық коллажын жасады.
Қорытындылай келе, балалар біздің Жер планетамыздың жарқырап, гүлдеуін тіледі және ешқашан қоршаған әлемге зиян тигізбеуге уәде берді.
Бұл күн балаларға жаңа білім ашуға және қоршаған әлемге ұқыпты және жаңаша көзқарас түсінігін алуға көмектесті.