"Ұлы даланың ұлы есімдері"атты патриоттық жобасы апталығының аясында №6 "Көжектер" тобы бір апта бойы жұмысын қазақ ағартушысы, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың өміріне арнады.
Балаларды осы ұлы ғалым адаммен таныстыру, оның балалық шағы мен жастық шағы өте көркем жерлер — Құсмұрын мен Сырымбетте өткені туралы қызықты бейне презентациядан басталды.
Одан кейін балалар Шоқанның өмірбаянымен танысып, оның білімқұмарлығы, ерте жазуды және сурет салуды қалай үйренгені, бастауыш мектептен бастап араб, парсы және түркі тілдерінің негіздерін меңгергені туралы танып,білді.
Балалар ата-аналарымен бірге Ш.Уәлиханов атындағы университет аумағында болып, Ш. Уәлиханов ескерткішіне барып, қаламыздағы үйлердің бірінде ұлы ғалымның мұражайын көрді. Мұндай жобалар балалардың ой-өрісін кеңейтуге, баланың ішкі үйлесімін және туған жеріне, оның ұлы тұлғаларына деген сүйіспеншілігін дамытуға ықпал етеді.