«Табиғатқа біз, баламыз" демекші, балалардың Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі еңбекке баулу дағдылары арқылы қалыптасады. Осы орайда "Балдырған" «Гүлдер» ересектер тобы, терезедегі бау - бақшаны көркейту мақсатында көкөністер мен гүлдердің тұқымын отырғызған болатын. Бұл іс-әрекет бала үшін әрқашан қызықты және әр бала өзін кішкентай бағбан сезіне отырып, тұқымдардың жер бетіне өсіп шыққан өскіндерін күнделікті бақылай отыра балалардың бойында жауапкершілік сезім пайда болады.
Біз мектепке дейінгі ұйымның педагогы ретінде мектепке дейінгі балалық шақта біз балаларға табиғатқа деген оң көзқарасты, қоршаған әлемге деген қамқорлықты тәрбиелейміз, өйткені осы кезеңде адамның жеке тұлғалық және оның дүниетанымын қалыптастыру басталады.