Мектеппен балабақша сабақтастығы
2025 жылдың 29 қаңтар күні құзіреттілік орталығы «Нұр бала» бөбекжайының мектепалды тәрбиешілері (Шарипова Г.К.,Оспанова Ж.Е.,Рахимжанова Г.К., Сеитова Ұ.А. және әдіскер Рахимжанова А.К.) Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы ұйымдастырған мектеп және балабақша арасындағы сабақтастық аясында балабақша тәрбиешілеріне арналған «Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы» тақырыбында мектепішілік семинарына қатысты.
Семинардың мақсаты: Балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайту арқылы балабақша мен мектептің сабақтастығын жандандыру және балалардың білім алу процесінің сапасын нығайту.
Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөзді директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Каскеева Алмагүл Әскербекқызы,бүгінгі семинар педагогтардың кәсіби деңгейлерін арттыру және білім беру мазмұнының сапасының оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында мектеппен балабақшаның бірлескен теориялық және практикалық іс-әрекетіне байланысты екенін атап өтті.
Семинар барысында 1 «Г»,1 «Ғ» сыныптарының ашық сабағына қатысып,мұғалім мен оқушылардың арасындағы тәжірибелік өзара әрекеттесу негіздерін,сондай ақ оқыту процесінде де, тәжірибелік сағаттарда да, 1 сынып мұғалімдері STEM инновациялық технологиясын кеңінен қолданатыны байқалды. Кездесу барысында мектептің 1 сынып мұғалімдері балабақша мен мектеп педагогтері арасындағы бірлескен жұмыс түрлерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында қорытынды шығарылып, педагогтер өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөлісіп, бүгінгі «Мектеппен сабақтастықты» нығайту жұмысына оң бағасын берді.