«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұр бала" бөбекжайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад "Нұр бала» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған "Өсу нүктелері" атты семинар-практикумы. Тақырыбы: "МДҰ-дағы инновациялық тәсілдер: Реджио әдіс-тәсілі іс-әрекеттегі педагогика"

28.01.2025
Құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 28 қаңтарында «Нұр бала» бөбекжайында  мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған "Өсу нүктелері" атты семинар-практикумы өтті. Семинар тақырыбы: "МДҰ-дағы инновациялық тәсілдер: Реджио әдіс-тәсілі іс-әрекеттегі педагогика". Бөбекжай әдіскері  Д.М. Накенова "Реджио-әдіс-тәсілі: шығармашылық және ынтымақтастық арқылы оқыту"тақырыбында шебер-сынып  өткізді. Шебер-сыныптың негізгі  мақсаты: Педагогтардың  «Реджио-педагогика технологиясы»  туралы білімдерін кеңейту және оны балалармен жұмыс жасауда практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру.                    Шебер-сынып барысында құзіреттілік орталық қатысушыларына берілген тапсырмалар:
 * Педагогтарды  реджио-педагогиканың негізгі принциптерімен және оның негізгі әдістерімен таныстыру. 
* Балалардың шығармашылық және танымдық дамуына ықпал ететін пәндік-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру тәсілдерін көрсету. 
* Балаларды зерттеу процесіне тарту үшін жобалық қызметті қолдануға үйрету. 
* Топтық талқылау және ішкі тақырыптарды таныстыру арқылы педагогтардың  топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Қатысушыларды Реджио-педагогика элементтерін күнделікті тәжірибеге енгізуге шабыттандыру мақсатында                                                                               бөбекжайдың   педагогтары күнделікті  жүргізіп жүрген іс-тәжірибелерінің  жобаларын ұсынды: 
* "Өнер-шығармашылық" орталығы. 
* "Зерттеу қызметі" орталығы 
* "Құжаттау ортасы" орталығы. 
* "Аспаздық шеберхана"орталығы.
 Семинар-практикум нәтижелі және шығармашылық атмосферада өтті, педагогтарды инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырды
Просмотров: 1189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст