2021 жылдың ақпанында ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Ж.У.Жалмуханованың ұйымдастыруымен «МДҰ әдістемелік қызметтің тәжірибе алмасуы, оның жұмысын нәтижеге жеткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинарға МДҰ әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Атап айтқанда «Нұр бала» балабақшасының әдіскері Рахимжанова А.К. «МДҰ-да инклюзивтік білім беруді енгізу» тақырыбы бойынша балабақшадағы дамуында бұзушылықтары бар балалармен жүргізілетін әдістемелік қызмет түрлерімен таныстырып тәжірибе алмасты. Қатысушылар вебинардың жоғары деңгейде өткенін, сонымен қатар А.К.Рахимжанованың әдістемелік көмек көрсеткенін ерекше атап өтті.