Текст
Педагог-психолог Г. Б. Махмутова өзінің түзету-педагогикалық жұмысында сенсорлық бөлмені кеңінен қолданады.
Бөлменің жағымды дизайны,түсі, түрлі- түсті жарығы, тыныштандыратын нәзік музыка баланың тынығуына және тынышталуына көмектеседі.
Балалар сенсорлық бөлмеге баруға асығып тұрады. Олар кинетикалық құмнан, жұмсақ модульдерден сиқырлы фигураларды жасағанды ұнатады.
"Құрғақ" жаңбырдың жағымды дыбыстарын тыңдап, денелерін "құрғақ" бассейнде жатқандарын сезінеді.
Сенсорлық бөлмеде бала сиқырлы әлемге енеді, онда ол шығармашылықпен ойнай алады және өзімен өзі бола алады!