Текст
"Нұр-бала" балабақшасында дарынды балалармен театрландырылған үйірме жұмысы жүргізілді.
Үйірме жетекшісі Омарова.А. Ш орыс тілі мұғалімі.
Үйірме жұмысына қазақ топтарының балалары қатысты.
Театрландырылған іс-шаралар балалардың байланыстырып сөйлеуін,эмоционалды көңіл-күйін және сахналық көріністерін дамытуға ықпал етеді.
Балалардың театрландырылған шығармашылығының негізгі мақсаты - баланы жан-жақты дамыған тұлға ретінде насихаттау.Театр өнері сабақтары балаларға қарым-қатынас дағдыларын нығайтуға,зейінді,есте сақтауды,сөйлеуді дамытуға тамаша мүмкіндік береді.
Мектепалды топтарымен "Көкөністер дауы" тантамарески түрінде сахналау қойылымы болды. Ал ортаңғы топтармен "Шалқан" ертегісінің заманауи үлгідегі қойылымы көрсетілді.