№19 «Нұр бала» балабақшасында 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес "Құрастыру қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өтті. Бұл ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысқан тәрбиешілер өздерінің кәсіби шығармашылығын көрсете білді. №5 мектепалды «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Омарова Альфия Зинуровна «Таным» білім беру саласы, математика негізі бойынша «Математика ханшайымын құтқару» тақырыбында қызықты флипчат түрінде сабақ өткізді. Бұл ұйымдастырылған оқу қызметінің басты мақсаты - баланың ой- өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру болатын.
Сабақ барысында балалар математикалық символдармен – сандармен, геометриялық фигуралармен жұмыс жасады,бұл балалардың интеллектуалды дамуына оң әсерін береді.
№11 «Жұлдыз» ересектер тобының тәрбиешісі Ганиева Татьяна Александровна «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Қысқы орман» тақырыбында дәстүрден тыс сурет сабағын өткізді. Сабақтың басты мақсаты: балалардың сурет салуда дәстүрден тыс технологияны қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
№8 мектепалды «Арай» тобының тәрбиешісі Мухамедиярова Жанат Жамалиденовна «Ертегідегі орман" тақырыбында LEGO-құрастыру сабағын флипчат түрінде өткізді. Бұл ұйымдастырылған оқу қызметінің басты мақсаты - балалардың әдемі ғимараттарды жеке және бірлесіп жобалап құрастыру қабілеттерін дамыту болатын (командалық жұмыс).
Ұйымдастырылған оқу қызметтері барысында балаларда ақыл-ой және креативті ойлауларының дамуына ықпал ететін жұмыс икемділігі, дағдысы қалыптасуда деп айтуға болады.
Ең бастысы, нәтижесінде балалардың шығармашылық қиял мен ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларға жағымды эмоционалды бетбұрыс туындайды, танымдық белсенділік пен қызығушылық артады, жаңалыққа, қиялға деген ұмтылыс пайда болады.
Осындай әр түрлі жаңа заманға сай инновациялық технологиялар арқылы ұйымдастырылған қызметтер мектепке дейінгі жас балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға керемет мүмкіндіктер береді деп қорытынды жасауға болады.