«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұр бала" бөбекжайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад "Нұр бала» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

26.02.2026

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

«Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша «Нұр бала» бөбекжай МКҚК

Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Боровской ш.а 64 Д.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК 134 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

- Қызмет көрсетушінің кеңсесі (канцеляриясы) арқылы-2

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 132 мемлекеттік қызмет;

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар- 0

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

 «Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау»;

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында https://nurbala,aqmola-edu.kzadmin «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ ұйымның ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Көкшетау қаласы «Нұр бала» бөбекжай  Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы  жұмыс істейді.
  2. 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 24 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. Білім беру ұйымында 2қызметкер мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Көкшетау қаласы «Нұр бала» бөбекжайға қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

 

Меңгеруші                                                                                 А.Айжарыкова

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст