Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Нұр бала" балабақшасында педагогтар арасында "Сен деп жырлаймын, Қазақстан!"атты әдеби-танымдық кеш өтті.. Әдеби кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Іс-шараны ұйымдастырушылар "Желтоқсан оқиғасы", "Желтоқсан желі" атты деректі фильмдерін көрсетті. Педагогтар Мұқағали Мақатаевтың, Саят Кұлынқыпшақтың Тәуелсіздік, Отан туралы өлең-жырларын мәнерлеп оқыды. Е.Хасанғалиевтың «Атамекен», Әбдірахман Асылбековтың «Желтоқсан желі» әндерін мектепалды даярлық топ тәрбиешілері шырқады. Әсіресе, арнайы маман педагогтарының «Алаш аманаты» тақырыбында қойған сахналық қойылымы шынайы түрде болды, көрермендердің көздеріне жас ұялатты, олар Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен Қайрат Рықұлбековтың түрмедегі өмірінен қысқаша үзінді көрсетті.
«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұрандаған ардақты ағаларымыз, апаларымыз артына мәңгілік сөнбес мұралар қалдырды.Ал осы Алаштың мәңгілік мұрасын насихаттау арқылы өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу арқылы отарлықтың санасынан азат ету – қазіргі таңдағы әр қазақтың қастерлі міндеті болса керек. Бүгінгі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған әдеби кешіміз мазмұнды, мәнді болды, қатысушы педагогтар кешті Е.Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әнімен аяқтады.