07.12.2021
Балабақшада жылдық жоспарға сәйкес МЖМБС «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру аясында тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды оңтайландыру"тақырыбында педкеңес өтті.
Мақсаты: МДҰ-да дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жетілдіру үшін жағдай жасауды оңтайландыру жолдарын іздеу.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің алдында балалардың денсаулығын нығайту, қозғалысын белсендіру және дене бітімін дамыту жөніндегі жұмысты жетілдіру жолдары туралы мәселе өзектілік танытуда. Мектепке дейінгі ұйымның маңызды міндеттерінің бірі: білім беру салаларын біріктіру арқылы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, қауіпсіз білім беру орта құруға жағдай жасау, психологиялық – педагогикалық, профилактикалық және сауықтыру жұмыстарының кешенін жүзеге асыру.
Осыған сәйкес МДҰ-да дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа құралдары мен әдіс-тәсілдерін іздеу, баланың жеке басының жан-жақты үйлесімді дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасау ерекше өзектілік танытуда. Шешу жолдарының бірі - балаларды сауықтыруға кешенді түрде денсаулық сақтау технологияларын пайдалану арқылы. Оларды енгізу баланың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға негізделген. Кешенді түрде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары баланың салауатты өмір салтына деген тұрақты ынтасын қалыптастырады.