Балалардың жан-жақты толыққанды дамуының маңызды шарты- ол байланыстыра отырып, дұрыс сөйлеуі. Баланың сөйлеу тілі неғұрлым дұрыс болса, онда ол өз ойын анағұрлым дұрыс жеткізе біледі, айналасындағы қоршаған ортаны саналы түрде түсініп, біле алады, оның дене тұрқы және ақыл-ой дамуы да, белсендірек болады.Өкінішке орай, соңғы жылдары логопедиялық көмекке мұқтаж балалар саны артып келеді. Осының салдарынан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопункттер ашыла бастады. Мамандандырылған логопедтік топтардан айырмашылығы, логопунктте сөйлеуді түзету міндеті қосымша қызмет болып табылады. Балабақшаның ұйымдастырылған оқу кестесінде логопедпен сабақ өткізуге арнайы уақыт жоқ , сондықтан логопед маман негізгі бағдарламаны игеруге кедергі келтірмейтіндей етіп, тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жасау үшін мұқиятты түрде сабақ кестесін құрады. Логопунктегі логопед оқу процесіне енуге мәжбүр болады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мамандандырылған топтардың балалары сияқты күнделікті емес, түзету көмегін бөліп-бөліп алатын болады. Түзету сабағы аптасына 2-3 рет жүргізіледі әр баламен.Әр сабақ 20 минуттан. Логопедтік топта балалардың құрамы бір жыл ішінде өзгермейді, тілдік сөйлеу қорытындысына байланысты бір логопедке 12 адамға дейін келеді. Ал логопунктте балалар құрамы жыл бойы өзгеріп тұрады, өйткені сөйлеу тілінің дамуының түзелуіне байланысты логопунктен шығарылған баланың орнына келесі тізімде тұрған бала тізімге кіреді, бұл ретте бір мезгілде 25 адам шұғылданады. Логопунктегі балаларды түзету оқытуының ұзақтығы сөйлеу тілінің бұзылыстарының күрделілігімен, құрылымына байланысты болады. Логопедтік топта балалардың сөйлеу қорытындысы(диагнозы) бірдей болады, бұл сабақ бағдарламасын анықтайды. Ал логопунктте бір уақытта әртүрлі сөйлеу қорытындылары (диагнгоздары) бар балалар айналысады .Біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрамында логопедтік топтар жоқ, сондықтан ұйымдастырылған логопедтік пункт аясында балалардың сөйлеуін түзетуді логопед жүргізеді. №19 "Нұр бала" балабақшасындағы логопедиялық қызметтің мақсаты сөйлеу дамуында ауытқулары бар балаларға алдын-алу және логопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.Осы мақсатқа сүйене отырып, түзетуші оқытудың негізгі міндеттері анықталды:
Бұл міндеттер логопедиялық жұмыста кешенді жүйелі және сараланған тәсіл арқылы шешілуде.
Қойылған міндеттерді шешу үшін қызметтің негізгі бағыттары айқындалған болатын:
Балабақшадағы барлық түзету және дамыту жаттығулары сөйлеуді дамытудағы ауытқуларды түзету үшін оңтайлы жағдай жасауға негізделген. Оқу процесі диагностикалық негізде құрылады. Жыл сайын қыркүйек ,қаңтар және мамыр айларында барлық жас ерекшеліктеріне байланысты топтарындағы балалармен тәрбиешілер мен педагогтар экспресс – диагностика жүргізіледі және сол педагогикалық тексерулер талданады.Балалардың сөйлеу тіліне терең логопедиялық зерттеулер жүргізіледі. Тексеру қорытындысы бойынша балаларды ата-аналардың рұқсатымен, келісімімен ПМПК –ға кеңеске жіберіледі, содан кейін логопунктке іріктеу жүргізіледі. Мұндай жыл сайынғы кешенді тексеру балабақшадағы балалардың сөйлеу дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Логопедиялық пунктке МДҰ-ның ортаңғы, ересектер және мектепалды дайындық топтарының тіл дамуында әртүрлі кемшіліктері бар (жалпы сөйлеу дамымауы (ОНР), фонетикалық-фонематикалық дамымауы (ФФНР), фонематикалық дамымауы (Фм.Н), фонетикалық дамымау (ФН), кекештену, сөйлеу аппаратының құрылымы мен функцияларының бұзылуына байланысты сөйлеу ақаулары бар балалар қабылданады. Ең алдымен мектепалды дайындық және ересектер топтарындағы сөйлеу қабілеті нашар балалар қабылданады. Ортаңғы топтағы балаларға логопунктке қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, көмек ата-аналар мен педагогтарға балалардың сөйлеу кемшіліктерін түзету мәселелері бойынша тұрақты кеңес беру арқылы көрсетіледі. Логопедтік жұмыстың негізгі формасы – ол жеке және топшалармен жүргізілетін сабақтар.
Түзету-дамытушы жұмыстар. Сабақты жоспарлау кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуының жалпы деңгейіне, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәліметтеріне назар аударылады. Сабақ кестесін балалардың жас, сөйлеу және жеке қабілеттерін ескере отырылып жасалады. Сабақтарда дәстүрлі әдістемемен қатар түзету жұмыстарының дәстүрлі емес әдістері мен тәсілдері де, қолданылады. Сабақтың ұйымдастырушылық сәтінде жүйелі түрде психогимнастика түрлері қолданылады. Мұндай жаттығулар мимика, ыммен көрсету, қимылдың белсенділігіне ықпал етеді, сөйлеу мотор аппаратындағы шиеленісті жеңілдетеді, балалардың сөйлеу эмоционалдылығын дамытады және негізгі психологиялық процестерді жетілдіруге ықпал етеді. Сондай- ақ сабақтарда дидактикалық ойындар мен құм жаттығуларын қолдану баланың бұлшықет, психоэмоционалды күйзелісін жеңілдетеді, қол моторикасын дамытады.
Құммен ойнау балаларда жағымды эмоциялар тудырады. Құмды қолданған кезде жеке сөйлеу терапиясының бір сабағында біз баланың еркін сөйлеуінің барлық аспектілері бойынша да, дыбысты айту, грамматика, үйлесімді сөйлеу және т. б. бойынша жұмысты біріктіреміз.
Сонымен қатар, пластелинография сияқты әдіс бізге визуалды түрде –кеңістіктікті қабылдауды, құрастыру қабілетін, ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі. Дәстүрлі емес әдістер мен әдіс-тәсілдердің әртүрлілігі мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, балалардың психоэмоционалды жағдайын жақсартуға, оқу мотивациясының деңгейін арттыруға ықпал етеді. Балалар танымдық қызығушылық тудыратын және жаңа білім, дағдыларды игеретін келесі логопедиялық сабақты тағатсыздана күтеді. Түзету және дамыту жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды, дәстүрлі емес әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, балалардың сөйлеуін дамытудың тиімділігін талдау оң нәтиже береді. Логопед маманның ата-аналармен тығыз байланыссыз сөйлеу терапиясындағы түзету және дамыту жұмыстарының сәттілігі туралы айту мүмкін емес. Логопедтік сабақтардың нәтижелері әр баланың сөйлеу картасында белгіленеді және тәрбиешілердің, ата-аналардың назарына жеткізіледі. Үйге берілетін балалардың жеке дәптерлеріндегі түзету жұмыстарын орындау ата-анаға жүктеледі. Ата-аналар жиналыстары, ашық сабақтар, тіл мерекелері, мектепке дейінгі ұйымдардағы «Ашық есік күндері» осындай байланыс орнатуға және ата-аналармен ынтымақтастықты тиімдірек етуге көмектеседі.
Ата-аналар балаларының аздаған болса да, жетістіктеріне қызығушылық таныта бастап, өз көмектерін ұсынады. Тәрбиелеу мен білім беру процесінің негізгі қатысушылары-мектепке дейінгі мекеме педагогтары ғой. Олармен өзара ынтымақты түрде логопед маманымен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: консультациялар, семинар-практикумдар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық шеберхана, ПМПк-дағы жұмыс, шебер-сабақтар және т.б.
Сонымен, логопедтің ата-аналармен, тәрбиешілермен және басқа мамандармен бірлескен ынтымақты жұмысын талдай отырып, мұндай өзара бірлескен жұмыс жүйесі балалардың жалпы және сөйлеу тәрбиесіне көзқарасты үйлестіруге, жеке балалар мен жалпы топқа қатысты бірыңғай педагогикалық көзқарастарды дамытуға, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын жақсартуға және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды түзету жұмысын жүзеге асыруға көмектесетін жеке бағдарланған тәсіл деген қорытынды жасалады.