Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілін үйренейік...

17.11.2020

                       Қазіргі білім беру жүйесінің барлық сатыларында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.  Сондықтан біз тіл мамандарының алдындағы тұрған мәселе -  балалардың мемлекеттік тілді игеруге деген құлшынысын арттыру, өз ойын еш қиындықсыз жеткізуге дағдыландыру болып табылады.  Балалар өз ойын мемлекеттік тілде еркін жоғары дәрежеде  жеткізу үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қолға алынуы қажет. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. 

Пәннің негізгі мақсаты - балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балдырғандардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйрету.

Қазіргі заман талабына сай, қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру басты мақсатта. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына да, қазақ тілін үйретуде  ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді. Ойын мен көрнекіліктер бүлдіршін тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Мысалға қай жастағы бүлдіршінді алмайық, ол ойын арқылы өседі. Себебі, ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз және өзін еркін ұстайды. Яғни бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы болады. Мен сабақтарды өткізуде  әр түрлі дидактикалық ойындарды қолданамын. Мысалы, «Жемістер мен көкөністер» тақырыбына  байланысты «Дүкен» ойынын ойнау тиімді. Сабақтағы өткен сөздік сөздерді қолдану арқылы  балалар диалог түрінде сөйлеуге талпынады, мысалы, маған алма беріңізші. -қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білуге).  

Сонымен қатар, сабақта мынадай дидактикалық ойындарды жиі қолданамын:

1. Сиқырлы қоржын. (Тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ»

«Ойыншықтар» т. б.)

2. Үйде кім жоқ? (Тақырып: «Отбасы мүшелері»)

3. Аудармашы. ( Мұғалім сөзді қазақша айтса, бала орысшаға аударады немесе мұғалім орысша айтып, қазақша аудармасын сұрайды)

4. Қарлы кесек.(Балаларға сөздерді жаттатып отырып, бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып, үйрету.)

5. Не жоқ? (Тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.)

6. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға қолдануға келеді. Бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады, мұғалім келесі бір баланы шақыртып жаңа тақырыптан бір сөзді айтуды сұрайды, бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол сөздің суретін көрсетеді)

7. Үстелде не жоқ? т. б. ( «Оқу құралдары», «Азық – түлік» т. б.)

8. Бағдаршам («Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік» т.б.)

Бұл ойындар  балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмегін  тигізеді.

Сондықтан, бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ барысында үнемі пайдаланып отыру тиімді. Және ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Қорытындылай келгенде, мемлекеттік тілді білу маңызды.  Ата-бабаларымыз «Білім –менің тілімде» деп айтпақшы білімді болғымыз келсе, ең алдымен мемлекеттік  тілімізді білуіміз қажет.

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст