БАЛАСЫНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА ТЕЗ БЕЙІМДЕУ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
Балабақша – жаңа орта, жаңа адамдар. Бейімделу кезеңінде бала стресстік жағдайда болады. Бірақ балаға балабақшаны өміріндегі жаңа қызықты оқиға, орта ретінде қабылдау біздің қолымызда.
Сәбиіңіз жақында балабақшаға алғаш барады немесе сіздің балаңыз балабақша табалдырығын жуық арада аттап та,үлгерген. Әрине, сіз оның балабақшадағы жаңа өміріне қатты алаңдайсыз, балабақша оған ұнай ма, ол тез үйренеді ме, қаншалықты жиі ауыратын бола ма, тағы сол сияқты сұрақтар сізді мазалайтын болады ...
Мектепке дейінгі ұйым жағдайындағы бейімделу – бұл топтағы өмір сүрудің жаңа жағдайларына бала ағзасының функцияларын бейімдеу түрі. Бала өзінің отбасының таныс әлемінен басқа, тәртіптері,талаптары да үйдегідей емес, мүлдем бөтен ортаға тап болады. Кішкентай балалардың неліктен балабақшаға алғаш келген күндерінен-ақ жылайтыны түсінікті, олар анасынан айырылуы қиын.
Құрметті ата-ана! Балабақшаға тез бейімделу ұсыныстарын қабылдауға тырысыңыз. Осылайша сіз балаңызға және өзіңізге балабақшаға оңай бейімделу процесіне көмектесе аласыз.
Балаңызбен өзіңіздің балабақша жасындағы суреттеріңізді балаңызбен бірге қараңыз. Балалар аналар мен әкелеріңің бала кезінде бақшаға қалай барғандары,қандай бала болғандары туралы әңгімелерін жақсы көреді. Балаларға сіз өзіңіз ата-ана ретінде басында қалай қиын болғанын, алдымен бір нәрсені қалай істеу керектігін сіз де білмегеніңізді, содан кейін үйренгеніңіз туралы айтып беріңіз.
- Балаңыздың дербестік дағдыларын дамытыңыз: оны өз бетімен тамақтануына, қолын жууға және сүлгімен сүртуге, дәретханаға баруды,киінуге және шешінуге, киімдерді ұқыпты бүктеуге үйретуге тырысыңыз. Балаңызға киімнің алдыңғы және артқы жағын ажыратуға үйретіңіз. Егер бала киімін алып, оны өзі киюге тырысса, онда оған араласпаңыз, ол үшін бәрін жасауға тырыспаңыз! Егер, керісінше, балаңыз өз бетінше киінгісі келмесе, оны ынталандырыңыз. Мысалы, оған шұлық кигізіңіз, бірақ толық емес, ары қарай бала өзі тартып киюді үйренсін. Балаға алдымен шешуге өте оңай киімдерді шешуді ұсыныңыз. Ойыншық қуыршақты бірге киіндіріңіз және шешіндіріп үйретіңіз. Тезірек киетін шұлық, футболка, жемпір сияқты киімдерді кию бойынша балаңызбен бірге жарыс ұйымдастырыңыз ... Баламен бірге ойнаңыз, оған чемпиондыққа жол беріңіз, яғн кішкентай балалар жеңгенді жақсы көреді ғой. Сіздің «Чемпионыңыз» өзінің жетістігіне қуанып, бұдан былай ол өзі киінуге жаттығатын болады..
Мектепке дейінгі ұйымның күнделікті күн тәртібін алдын ала біліп, үйде де, балаңыздың күн тәртібін оған жақындатуға тырысыңыз: балаңызды күнделікті алдыңғы күннен сәл ертерек көтеріп, барлық әдеттегі нәрселерді ертерек уақытқа ауыстырыңыз: таңғы ас, серуендеу, ұйқы т.б. Баланы күн сайын, кешегіден сәл ертерек ұйқыға жатқызыңыз, өйткені ертең таңертең ерте тұруға тура келеді.
Балаңызбен бірге балалар саябақтары мен ойын алаңдарына барыңыз, оған құммен ойнауға, әткеншек тебуді үйретіңіз. Балаңызбен мерекелерге, достарының туған күніне барыңыз, оның өзін қалай ұстайтынын қадағалаңыз: ол ұялшақ, жеке ойнағанды ұната ма, балалармен қалай,ортақ тіл табыса ала ма,әлде ұрысқа жақын ба, құрдастарымен байланысады, қарым-қатынасқа бейім, еркін және т.б. қырлары. Бақылаулар негізінде баламен сөйлесу тақырыптарын реттеңіз. Ең бастысы, бала үлкендердің оң көзқарасын қабылдайды, бұл оған болашақта көмектеседі.
- Балаңызды балабақшаның ойын алаңына алып келіңіз, балаңыз сізбен бірге балалардың бір-бірімен қалай ойнайтынын, құмнан үйлер салып, әткеншектерде тербелетінін және т.б. бақылап көрсін. Содан кейін үйде балаңызбен далада көргендері туралы әңгімелесіңіз, туыстарыңыздың алдында оның қатысуымен қуанышты жаңалықтармен бөлісіңіз.
- Баламен балабақшаға байланысты үлкендерді алаңдататын мәселелерді талқыламаңыз. Есіңізде болсын, бұл жастағы балалар жақындарының, әсіресе анасының баласынан қаншалықты жасыруға тырысса да,эмоцияларын оңай қабылдайды.
- Бейімделу кезеңінде отбасында баланың тыныш және жанжалсыз ортаны сақтау. Әзірше кинотеатрға, циркке барудан бас тартыңыз, теледидар көру уақытын азайтыңыз.
- Демалыс күндері үйде шамамен балабақшадағыдай күн тәртібін ұстануға тырысыңыз.
- Балабақшаға қатысты барлық нәрсеге оң көзқараспен қараңыз .
- Балаңыз балабақшаға келген бірінші күні қобалжымаңыз, өз уайымыңызды көрсетпеңіз. Баланы балабақшаға оның денсаулығы толық сау болған жағдайда ғана жіберіңіз.
- - Баланы бірден күні бойы бақшада қалдырмаңыз. Бірінші аптада балаңызды 1-2 сағатқа ғана әкеліңіз, оның балабақшада өткізетін уақытын біртіндеп арттырыңыз.
- Тәрбиешіге баланың ерекшеліктерін, нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын, нені білетінін және қандай көмек қажет екенін айтыңыз
- Балабақшаға себепсіз келмеуге тырыспаңыз – мысалы, бала бір апта балабақшаны босатса, бейімделу кезеңіне кедергі жасайды, сонымен қатар бала балабақшаға келмеудің басқа да, нұсқасы бар екенін түсінеді де, соған күш салады.
- Балалар мен ата-аналардың балабақшадағы таңғы қоштасуы екеуі үшін де әрқашан қиын сәт екенін есте сақтаңыз. Балаңызбен тез және оңай ажырасыңыз. Балаңызбен қоштасу рәсімдерінің қарапайым жүйесін жасаңыз - және оған сізден жыламай жақсы көңілде қалу да, оңайырақ болады. Егер балаға анасымен қоштасу өте қиын болса, бас кезінде оны әкесі, әжесі немесе атасы балабақшаға апарсын.
Балапандарыңызға балабақшаға оңай бейімделуін, ал сізге шыдамдылық тілейміз!