Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балабақша мен мектептің сабақтастығы" тақырыбындағы қалалық семинардың қорытындысы бойынша есеп

25.04.2022

"Балабақша мен мектептің сабақтастығы" тақырыбындағы қалалық семинардың қорытындысы бойынша есеп         

                Кезінде В.А. Сухомлинский мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық туралы: "Мектеп балалардың өміріне түбегейлі өзгерістер енгізбеуі керек. Оқушы бола отырып, бала бүгін кеше не істегенін жалғастырады. Оның өмірінде жаңа көрініс біртіндеп пайда болуы керек» - деп жазған.

Балабақша мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балаларды жалпы даму мен білім деңгейіне сәйкес келетін мектепке беруді, екінші жағынан, мектеп жасына дейінгі балалар алған білімге, дағдыларға, қасиеттерге сүйене отырып, оларды  мектепте оқушы болғанда одан әрі жан — жақты дамуы үшін белсенді қолдануын  қарастырады.

Біздің мектепке дейінгі ұйым ашылған күннен бастап  "С.Жүнісов атындағы Көкшетау қаласының 18-лицей мектебі"КММ. ынтымақтастық жұмыс жасап келеді.

Осы кезең аралығында  үлкен жұмыс атқарылды: нормативтік-құқықтық құжаттар зерделенді, мақсаттар мен міндеттер қойылды, мектеппен сабақтастықты жүзеге асыру бойынша балабақшаның жұмыс жоспары жасалды.

Жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру буыны арасындағы білім беру, тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда сабақтастық пен үздіксіздікті қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі және мектептегі бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерімен  келісу;

- мектеп жасына дейінгі баланың және бастауыш мектеп оқушысының психофизикалық дамуының үздіксіздігін, денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау;

- мектепке дейінгі және мектептегі бастауыш білім берудің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сабақтастығы.

Нәтижесі: мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке сәтті бейімдеу.

"Балабақша мен мектептің сабақтастығы" тақырыбындағы қалалық семинардың ұсынысы бойынша мектепке дейінгі ұйымда сабақтастық бойынша қосымша жұмыс жоспары жасалды.

Сәуір айында №13 "Экос" ОМ және №18 ОМ бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Тәрбиешілер Ешкенова Б. М., Сарсенбаева Д. Т., Красникова Л. Н., Оспанова Ж. Е. бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысты, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері №11, №6 топтардың  ҰОҚ-не келіп  қатысты.

Мектепалды топтарының балалары №6, №4, №12. мектепке экскурсияға барды. Экскурсия кезінде балалар бастауыш сынып кабинетін, спорт залын, асхананы көрді.

Кітапханаға барған кезде балабақша балалары ондағы кітаптардың көптігі мен алуан түрлілігіне тәнті болды, кітапханашы балаларға 1-сыныпқа барған кезде олар оқитын оқулықтарды көрсетті.

Сондай-ақ, біздің тәрбиеленушілеріміз бос уақытында оқуға болатын балалар кітаптары мен журналдарын тамашалады. Көптеген балалар  кітап оқып үйренгеннен кейін, міндетті түрде кітапханаға тіркелеміз  деп шешті.

Одан әрі спорт залында түрлі спорттық снарядтармен айналысып, сергектік қуатын алды.

Балабақша мен мектептің осындай сабақтастығы:

- болашақ бірінші сынып оқушыларындағы қорқыныш сезімін басу;

- мектептегі баланың бейімделу кезеңі қысқаруы;

- тәрбиешілердің балалардың білімін  бақылауға және тәрбиеленушілерді мектепке дайындау бойынша өз қызметіне түзетулер енгізуге мүмкіндігі береді;

- мұғалімдер болашақ бірінші сынып оқушыларымен, тәрбиешінің жұмыс жүйесімен, ата-аналармен жақынырақ танысады.

Мұғалім-логопед С.С. Тайжанова мен педагог-психолог Г. Г. Кенебаева мектепалды топтарының ата-аналарымен ақыл-кеңес жұмыстарын  жүргізді: «Мотивациялық дайындық деген не", «Отбасының балалардың психологиялық денсаулығына әсері», «Ұсақ моториканы дамыту», «Отбасы мектеп табалдырығында», «Менің балам мектепке дайын ба» деген сұрақтарға жауап берді. «Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына 10 кеңес» жадынамаларын дайындап таратты.

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст