Біз бала кезімізден ертегілерді естіп білеміз.
Анамыз күнделікті баласын төсекке жатқызып ертегі оқып береді, ал әжелеріміз болса қыстың тыныш кештерінде ертегіні мәнерлеп немерелеріне айтып береді. Біз балабақшада да,ертегі тыңдаймыз. Ертегілер өмір бойы балалардың назарында жүреді.Оларды тек балалар ғана емес, үлкендер де жақсы көреді.
Біз ертегіні тыңдай, оқи отыра, ғажайыптар орын алатын, жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңетін сиқырлы әлемге тап боламыз.
Бүгін №6 «Көжектер» тобының балалары ертегіге қонаққа келді, балалар ертегілерді сахналауда өздерін артист ретінде сезінді, қуыршақ театрын көрсетті, сонымен қатар өздерінің сүйікті ертегілері қойылған қызықты кітап көрмесін тамашалады.
Тәрбиеші: Красникова Л.Н.