Текст
Бүгін "Айгөлек" дамуында күрделі бұзушылықтары бар топта "шашырату" дәстүрден тыс сурет салу техникасының көмегімен "жазға сүңгі" қызмет түрі өтті.
Бұл қолданыста қарапайым және қызықты болып келеді. Оның мәні бояу тамшыларын шашырату болып табылады. Кішкентай бүлдіршіндерде бұл таңқалушылықты шақырады,әрі шығаршылық қабілеттерін толықтай көрсетуге күш салысады. "Шашырату" техникасын қолдану үшін акварель немесе гуашь, тіс щеткасы немесе қыл қалам қажет.
Бүрку кезінде сіз қолдың қозғалыс бағытын өзгерте аласыз (тігінен, көлденеңінен, көлбеу, толқын тәрізді), дақтардың мөлшерін өзгерте аласыз, шашыратуды қағаз бетіне жақындата немесе алыстату да мүмкіндігі бар. Сіз түрлі түсті және әртүрлі қанықтықтағы бояуларды қолдана аласыз.