22.07.2022
Жаз-құм ойындары мен ермек үшін кеңістік. Құммен ойнау балалардың дамуы үшін өте маңызды. Олар сізге шығармашылықта бастама көрсетуге, моториканы, ұсақ моториканы дамытуға мүмкіндік береді, ойын барысында қарым – қатынас дағдылары қалыптасады- шығар ашылық сезімдері ,бірбіріне деген көмек, жағдайдың шешімін табу.
№6 "Көжектер" тобының балалары дымқыл құмнан үлкен сегізаяқ жасады. Балалар құмның қасиеттері туралы білімдерін бекітті, құммен жұмыс істеу дағдыларын, қиял мен шығармашылықтарын көрсетті. Құммен ойнау ұсақ моториканың, сезімталдықтың және үйлестірудің жұмысына өте пайдалы. Бүгін #2 "Ботақан" тобының балалары "Кімнің іздері", "Сиқырлы Елек" ойындарын ойнады, онда олар құмды қиыршық тастардан бөлу әдісімен танысты, ал еленген құм балалар қиялына сиқырлы сурет салу кезінде қолданылды.
Құммен ойындар сезімталдықты, қиялды, көрнекі қабылдауды, бейнелі ойлауды дамытады. #7"Құлыншақ" тобының балаларына" құм жасыру және іздеу "ойыны өте қатты ұнайды. Жетекші сұрақтар қою арқылы не жасырғанын бірге білеміз. Біздің балалар құмның қасиеттерін жақсы біледі. Олар құрғақ құмды дымқылдан ажырата алады. Құм ойындары өте қызықты.