Текст
Тақырыбы: "Сиқырлы май"- тәжірибесі
Мақсаты: балалардың эксперимент жасауға қызығушылықтарын ояту, қарапайым тәжірибе жүргізуге үйрету. Тәжірибені талдап, түсіндіріп, қорытынды жасауға, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Эксперимент балаларға зерттелетін объектінің әртүрлі аспектілері туралы нақты түсінік береді, сонымен қатар баланың жадын байытады, оның ойлау процестерін белсендіреді, мәселелерді шешуге белсенді іздеуді қамтиды. Балалар қоршаған әлемді тәжірибелік-эксперименттік іс-шаралар арқылы білуге, жауап табуға, көптеген сұрақтар қоюға, қызығушылығын, ақыл-ойын, зерттеу қызметі арқылы танып қалыптастыра алады.
№12 топ педагогы Оспанова Ж.Е. «Сиқырлы май» атты эксперимент тәжірибе жүргізді.