Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда 1 наурыз «Алғыс айту» күні.

01.03.2022

Қазақстанда  1 наурыз  «Алғыс айту» күні.

        Жетінші жыл Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күнін атап өтуде. 2015 жылғы 15 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды. Күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні 1995 жылы Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Бұл күні еліміздің барлық этностарының өкілдері қазақтарға өздерінің  Қазақстанға жер аударылған жылдардағы төзімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыс айта алады: "Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алады".

Біздің мектепке дейінгі ұйымда «Алғыс айту» күні тақырыптық сағаттармен және әңгімелермен, қызметкерлер арасында флешмобпен:             « Мен алғыс айтамын", "Алғыс айту әрқашан бар және не үшін" челленджі, "Қазақстан халықтарының ойындары" спорттық ойын-сауығымен және кітапханаға барумен атап өтілді.

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст