"Білім беру қызметіне ТРИЗ технологиясын енгізу" тақырыбындағы педагогикалық кеңес балабақшада "ТРИЗ –кафе" іскерлік ойын түрінде өткізілді. Келесі мәселелер қаралды: I- жартыжылдық білім беру қорытындысы бойынша мектепалды топта балаларды дайындауды талдау, «ТРИЗ технология құралдарымен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту" мектепалды топ педагогтарының, "ТРИЗ технологияны шығармашылықта қолдану" ортаңғы топ педагогтерінің, "Балабақшаның күнделікті өмірінде ТРИЗ әдістерін қолдану"мектепалды топ педагогтерінің жұмыс тәжірибесінен. Әдіскер Д.М. Накенова тақырыптық бақылау қорытындысы бойынша анықтаманы оқыды. Әдіскер А.К. Рахимжанова "Нескучный сад" ТРИЗ - кафесінде іскерлік ойын өткізді. Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша қаулы шығарылды.