Балабақшада жаңа жылдық ертеңгіліктер де, өз мәресіне жетті.
Бала жаңа жыл мерекесінен не күтеді?. Бұл , теңдесі жоқ ғажайып ертегіні күту. Біздің әрқайсымызда жаңа жыл туралы жақсы естеліктер балалық шақпен байланысты. Жаңа жыл-бұл әр баланың жүрегінде өте маңызды оқиға. Тіпті есейе келе де, біз жаңа жылды балаларша күтеміз және де жаңа жыл мерекесі несімен қызықты?
Біріншіден, балалар үшін жаңа жыл әрқашан ертегі тәрізді. Бұл күні айналаның бәрі жарқырап, өте әдемі болады. Екіншіден, бала кезімізден бастап ата-анамыздың жаңа жыл алдындағы қобалжуы бізге таныс. Бұл қобалжу бәріміздің жүрегімізге жақын. Өйткені әрбір бала ата-анасы Аяз атамен бірге сыйлық сыйлайтынына сенеді,күтеді.
Әрине, әрбір ата-ана әрқашан Аяз атадан өз баласына не сыйлау керектігін біледі. Өйткені, олар балаларының сыйлыққа көптен күткен велосипед немесе роликті коньки және т.б. сыйлықтар туралы армандарын үнемі еститін, жадында сақтайтын.
Әрине, жаңа жыл мерекесі ол, жаңа жылдық қойылым, Аяз атамен кездесу! Әр бала ата-анасынан ерекше және көңілді карнавал костюмдерін күтеді.
Біреулер жаңа жылдық костюмді өздері тігеді, ал біреулері дүкендерден неше түрлі жаңа жылдық костюмдерді табуға,сатып алуға тырысады. Карнавал костюмін киіп, кем дегенде бір сағат бойы ханшайым немесе сиқыршы болу әр бала үшін қымбат және де,әр баланың арманы ғой.
Құрметті ата-аналар, біздің балаларымыз сиқырлы Аяз Ата туралы осы керемет ертегіге мүмкіндігінше ұзақ сенетініне көз жеткізейікші және де балаңыздың арманын орындап, өзіңізге, балаңызға мереке сыйлаңыз!