Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Маңызды сұрақтар

27.12.2021

Маңызды сұрақтар

2021 жылы, 24 желтоқсан күні  дамуында күрделі бұзушылықтары бар балаларға арналған топқа Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты Ибраев М. У., Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бас маманы Коспанова М. Ш., Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, Көкшетау қаласының  №19 ЖББМ Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі ресурстық орталықтың үйлестірушісі Бурдинская О.В., Ақмола облысы білім басқармасының  №1 Көкшетау қаласы, ауданаралық ПМПК меңгерушісінің м. а. Ибраева А. Б., Көкшетау қалалық білім бөлімінің әдіскері Өмірзақова А. Ж.," Өркен "балабақшасының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған топ тәрбиешісі Ғарифуллина З. Х. келді.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарында көру қабілеті бұзылған балалардың кезектілігі, мектепке дейінгі жастағы көру қабілеті бұзылған балаларды одан әрі оқыту туралы мәселелер көтерілді, "Өркен", "Нұр бала" МДҰ  арнайы топтарының жұмыс тәжірибесі ұсынылды және ұсынымдар берілді:

1. Көру қабілеті бұзылған балаларды есепке алу қажеттілігіне назар аудару; 2. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар дайындау;

3. Көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеу үшін педагогтарды даярлау (арнайы білім беру, қайта даярлау курстары).

Кездесуге қатысушылар мектеп жасындағы зағип балаларға білім беру үшін, мамандарды кәсіби даярлаудың (тифлопедагог, педагог-ассистент), тифложабдықтармен, зағип балаларға арналған оқулықтармен Брайльдің бедерлі-нүктелі әрпімен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст